Қариясы бар елдің – қазынасы бар

Қариясы бар елдің – қазынасы бар
Қариясы бар елдің – қазынасы бар
Бүгін аудан әкімі Марат Тоқжанов Переметный ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, қарияларды мерекелерімен құттықтады. Бәйқариялар мен кейуаналарды қарттар күнімен құттықтап, оларды қамқорлық көрсетіп отырған арнаулы мекеме ұжымына алғысын жеткізіп, мекемеге арналған арнайы жиhаз (жұмсақ диван) тарту етті.
Қариялар аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасын тыңдап, бірге ән шырқап, аудандық жастар орталығы және спорт мекемесі ұймдастырған шахмат және дойбы ойнап арнайы дипламдармен сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар аудан жастары мен “Зияткерлік” қоғамдық бірлестігі қарияларға естелік сыйлықтар табыс етті.
1992 жылы ашылған Бәйтерек арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 20 орынға шақталған. Бүгінде мекемеде егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз жалғызбасты 19 қария толық мемлекет қамқорлығына алынған.
Арнайы құттықтап келген әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан ізет пен құрметке қариялар шексіз ризашылықтарын білдірді.
Қарияларымыз бар да - қазынамыз да мол.