
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Коммунальник» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық шаралардан хабардар ету, ұжымдағы парасаттылық құндылықтарын дәріптеу бойынша жиын өтті. «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен таныстырылды. Жиында Сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған азаматтар Департаментке немесе Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарласа алатындығы айтылып, жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғалар үшін заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленгендігі хабарланды.