“ЕҢБЕК КУБОГІ - 2023” жастар арасында волейболдан аудандық турнир өтті
Бүгін аудан орталығы Переметный ауылында Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен “Бәйтерек” спорт клубының ұйымдастыруымен Еңбек күніне орай “ЕҢБЕК КУБОГІ - 2023” жастар арасында волейболдан аудандық турнир өтті. Турнирға барлығы 12 команда қатысты. Атап айтар болсақ, Белес, Щапов, Раздольное, Атамекен, Көшім, Бейбітшілік, Янайкин, Мичурин, Дариян, Трекин, Переметный ауылдық округтерінің ұжымдық командалары.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі

Щапов ауылдық округінің ұжымдық командасы

Көшім ауылдық округінің ұжымдық командасы

Мичурин ауылдық округінің ұжымдық командасы ие болды.
Командалық есептен тыс жекелей алғанда “Үздік ойыншы” номинациясы бойынша Сағынғалиев Ерасыл (Мичурин а/о), “Үздік шабуылшы” номинациясы бойынша Табылдиев Илияс (Щапов а/о), “Үздік қорғаушы” номинациясы бойынша Мирзабеков Хамидолла (Көшім а/о), “Үздік байланыстырушы” номинациясы бойынша Нұрғазы Айдос (Атамекен а/о), “Жас спортшы” номинациясы бойынша Сагимов Арман (Переметный а/о) марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!