
Еңбек күні мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Ерлан Галиев Бәйтерек ауданынында орналасқан әлемге әйгілі «Бюллер» фирмасының жабдығы негізінде жұмыс жасайтын «Белес агрокешені» ЖШС-ының астық өңдеу кешенінің ұжымын мерекемен құттықтады. Белес-Агро кешені бүгінде түрлі сұрыпты астық, кебек пен жарма ұнтағын өндіруде. Мұнда 100 ден астам адам тұрақты жұмыс жасайды.