Бүгін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Бәйтерек ауданына қарасты Қайнар ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.
Салтанатты жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.
-ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым айырықша назар аударады. Бұл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы облысымызда пайдалануға беріліп жатқан екінші нысан.
Осынау мерейлі күні барша қайнарлықтардың, барлық отандастырымыздың дендері сау, ғұмыр жастары ұзақ, бауырлары бүтін болып, егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлестерін қоса берулеріне тілектеспін,- деп облыс әкімі өз лебізін білдірді.
Қайнар ауылында 800-ден астам халық бар.
Заманауи талаптарға сай салынған фельдшерлік-акушерлік пунктте алғашқы ем жасауға барлық жағдай жасалған.
БҚО - да 2025 жылға дейін дәл осындай 50 нысан салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, облыс әкімі Переметный ауылындағы Деркөл өзені арқылы салынып жатқан көпір құрылысы және Шалғай, Егіндібұлақ ауылындағы кіреберіс автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
@zhaikpress
@aqjaiyq
@batys_kz
@auyl_tynysy.gazety
@baiterek__atameken