ОТБАСЫ БАҚЫТ МЕКЕНІ АТТЫ СПОРТТЫҚ ШАРА ӨТТІ

"Отан - отбасынан басталады" деген ұлағатты сөздің мәнін айшықтайтын "Отбасы күні" мерекесі 2013 жылдан бері қыркүйек айының екінші жартысында атап өтіледі.
Кез-келген мемлекеттің қуатты болуы, еңбекке қабілетті, ой еңбегі мен дене еңбегін қатар алып жүретін тәні мықты, рухы биік жандары көп елде ғана жүзеге асады. Халық даналығында: «Тәні мықтының, рухы мықты», «Дені саудың, жаны сау», «Денсаулық - басты байлық», «Спорт-денсаулық кепілі» деген сөздердің мәні тереңде жатыр.
Осы орайда Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылында Толағай спорттық отбасылық сайысы өтті. Сайысқа барлығы 6 отбасы қатысты.
Мақсаты - отбасы құндылықтарын қалыптастырып, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеп, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Сайыс қорытындысы бойынша - "Көрермен көзайымы" номинациясымен - СӘЙГҮЛІК тобы (Нигметовтар отбасы, Переметный а/о), "Жігерлі отбасы" номинациясымен - ТҰЛПАР тобы (Қонақбаевтар отбасы, Дариян а/о), "Бірлігі жарасқан отбасы" номинациясымен - ЖЕҢІС тобы (Есетовтар отбасы, Новенький ауылы) марапатталды.
Ал жеңіс тұғырынан көрінген отбасыларға келер болсақ, жүлделі

Аубакировтар отбасы (Егіндібұлақ а/о)

Ынтымақ тобы (Ахметовтар отбасы, Үлкен Шаған ауылы)

Болашақ тобы (Қосмагуловтар отбасы, Көшім а/о) ие болды.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Әр отбасында қуаныш, береке болсын деп тілейміз!
@baiterek_bqo @jaiyqjastary_baiterek @baiterek_sport.bqo @sambo.baiterek @baiterek_sk @baiterek_isb @yerlan__galiev @baimenov.murat @qogamdyq_damu_bqo @qogamdyq_damu_baskarmasi