Тіл айлығы аясында «Мемлекеттік тіл – достық тірегі» зияткерлік ойын мәреге жетті.

Тіл айлығы аясында «Мемлекеттік тіл – достық тірегі» зияткерлік ойын мәреге жетті.
Тіл айлығы аясында «Мемлекеттік тіл – достық тірегі» зияткерлік ойын мәреге жетті.
Аудандық мәдениет үйі ұжымының бастамасымен ұйымдастырылған сайыс көрерменнің білім көкжиегін кеңейтіп, ой сергіту мақсатында сұрақ-жауап қайырумен басталып, ойын тізгіні әрі қарай ойыншы командаларға берілді.
Бірінші топ құрамында Бәйтерек ауданы Төтенше жағдай бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы, азаматтық қорғау майоры Николай Сламихин, аудандық тәрбие жұмысы орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі Светлана Цыганова, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Виктория Қонашева болса, қарсылас командаға аудандық балалар музыка мектебінің мұғалімі Александр Цыганов, Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Наталья Калманова, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің студенті, болашақ ағылшын пәнінің мұғалімі Ульяна Маслова топтасқан.
Сұрақ- жауап кезеңінде әр топқа жалпы сұрақ ұсынылса, логикалық сұрақтар кезеңінде нақты әрі қызықты сұрақтар қойылды. Ойынның «Айшықты сөздер» кезеңінде ойыншылар тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып,
«Кім жылдам?» кезеңінде жасырған мақал- мәтелдің жалғасын жылдамдықпен табуға асықты. Соңғы «Капитандар сайысында» топ басшылары жасырылған орыс тіліндегі сөздердің қазақша баламасын тауып сынға түсті. Тартысқа толы өткен ой додасында екі топ та өрнекті ойын көрсетіп, ұпай санымен тең түсті. Ең бастысы, жауабы табылмай "тасада" қалған тапсырма саны сирек болды. Ойын қорытындысында әр ойыншыға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.
@mdo_baiterek @duzbatyrnurzhan @yerlan__galiev @jaiyqjastary_aqjaiyq @baiterek_okj