Бүгін ауданымызда күздің молшылығымен бірге келген жарқын мереке - Отбасы күніне орай мәдени шара өтті.

Бүгін ауданымызда күздің молшылығымен бірге келген жарқын мереке - Отбасы күніне орай мәдени шара өтті.

Бүгін ауданымызда күздің молшылығымен бірге келген жарқын мереке - Отбасы күніне орай мәдени шара өтті.
Бұл – айтулы мереке күні қарсаңында, Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жанынан құрылған «Сырғалым» қыз - келіншектер клубы, «Шаңырақ» отбасы орталығымен бірлесіп, «Отбасы бақыт мекені» атты шара ұйымдастырылды.
Шараға отбасын тек бақытпен тербеткен 58 жыл бір шаңырақ астында тату - тәтті ғұмыр кешіп жатырған Арыстановтар отбасы, отбасы мен мемлекеттік қызметтерін қатар алып, тәрбиелі ұл-қыз өсіріп отырған Төлепқалиевтар отбасы, ауданымыздың көптеген отбасына сәби сүю бақытын, ана бақытын сыйлап жүрген Өтепбаевтар отбасы, сондай-ақ кеше ғана үлкен өмір табалдырығын аттаған Исалиев пен Қасымовтар отбасылары шақырылды.
Әр отбасы өз шаңырақтарының құндылықтарымен, қызықты сәттерінен бөліскен кеште үлкен тәрбиелік мәні бар әңгімелер өрбіді, қызықты ойындар ойнатылды. Шақырылған жас отбасылардан Нұркен Ғаниұлы гитарамен шырқаған «Ана», «Сәйгүлігім» әндері көпшіліктің көңілін тербетсе, Шынболат Тасболатұлының қарындасына арнаған өлеңі көпшілікті тәнті етті.
Шара отбасы жылулығын арттырып, отбасыларға ерекше шаттық сыйлады.
Осындай шаңырағын бақыттың мекеніне айналдырған әр отбасыға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ерсайынұлы Галиев құттықтау сөз сөйлеп, алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.
Мерейлі мереке қарсаңында әр отбасыға амандық, дендеріне саулық, ұрпақпақтарына бақ – береке, елімізге тыныштық тілейміз.