Ағымдағы жылдың 5 қыркүйек күні аудан әкімдігі жанындағы аудандық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Отырыс барысында құзырлы мекемелер тарапынан баянамалар жасалып, аудандағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мәселелері талқыланды.
Азаматтар үшін күнделікті қауіпсіз ортаны қалыптастыру барысында комиссия төрағалығымен: мектеп, балабақша ғимаратының жанындағы жол өткелдеріне «Абайлаңыз балалар» макеттерін орналастыру, мектеп оқушылары мен оларды тасымалдаушы көлік жүргізушілері киімдеріне жарықтандырғыш жолақтарды тағу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ауыл белсенділерін жұмылдыру, жол – көлік аппаттарының алдын алу мақсатында ауыл шаруашылық жануарларының бағымын ұйымдастыру тәртібін кеңінен түсіндіру, қажетіне қарай жол желектерінде жануарларының макетін орналастыру, сонымен қатар үй жануарларын есепке алу жұмысын жүргізу және т.б. бірқатар тапсырмалар берілді.