МӘМС жүйесінің енгізілуімен шалғай ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек түрі кеңейтілді - Медициналық сақтандыру қоры ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде сарапшылар МӘМС жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.

МӘМС жүйесінің енгізілуімен шалғай ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек түрі кеңейтілді - Медициналық сақтандыру қоры ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде сарапшылар МӘМС жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.
МӘМС жүйесінің енгізілуімен шалғай ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек түрі кеңейтілді - Медициналық сақтандыру қоры
ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде сарапшылар МӘМС жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.
«Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, МӘМС денсаулық сақтау жүйесін біртіндеп қаржыландырып, өзінің негізгі міндеттерін орындап отыр. Мәселен, 2019 жылы қаржыландыру небәрі 1,3 трлн теңге болса, 2021 жылы – 1,8 трлн теңгені, былтыр – 2,2 трлн теңгені құраған, ал биыл 2,5 трлн теңгеге жеткен.
«Айта кетсек, мемлекет тарапынан бөлінетін ақысыз тегін медициналық көмектің көлемі 1,3 трлн теңгеден, 1,4 трлн теңгеге дейін ғана өскен», – деді Қор төрағасының орынбасары.
Оның айтуынша, пандемияның ықпалына қарамастан, МӘМС жүйесін енгізу денсаулық сақтау саласына оң әсерін тигізді. Мәселен, дәрігерлердің орташа жалақысы 189 мың теңгеден 454 мың теңгеге дейін өсті. Ал орта буын мамандарының жалақысы 117 мың теңгеден 236 мың теңгеге дейін артты.
«Сонымен қатар МӘМС жүйесінің енгізілуі жылжымалы кешендердің жұмысына ықпал етіп, шалғай ауылдардағы тұрғындарға медициналық көмектің спектрін кеңейтті», – деді І. Мұхамеджан.
Қордың тағы бір міндеті – медициналық қызметтердің сапасын тексеру және қадағалау. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша биылғы жылдың 6 айында жалпы сомасы 8,8 млрд теңгені құрайтын экономикалық ықпал ету шаралары қолданылған.