СПОРТ САЛАСЫНДА ЖАҢА БАСШЫ

СПОРТ САЛАСЫНДА ЖАҢА БАСШЫ
СПОРТ САЛАСЫНДА ЖАҢА БАСШЫ
Бәйтерек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының 2023 жылғы 05 қыркүйектегі №45 бұйрығымен Хайруллин Серик Құрманғазыұлы «Бәйтерек» спорт клубының директоры лауазымына тағайындалды.
Хайруллин Серик Құрманғазыұлы 1987 жылы дүниеге келген. Білімі екі жоғары. 2005-2009 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен экология мамандығын, 2017-2019 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік- гуманитарлық университетінен дене шынықтыру және спорт мамандығын игерген.
2009-2012 ж.ж. БҚО Сырым ауданы В.Шубин атындағы мектептің биология және география пәнінің мұғалімі;
2012-2013 ж.ж. БҚО Бәйтерек ауданы,
Қ.Аманжолов атындағы мектептің биология пәнінің мұғалімі;
2013-2017 ж.ж. БҚО Бәйтерек аудандық балалар мен жасөспірімдер туризм орталығының қосымша білім беру педагогы;
2017-2021 ж.ж. БҚО Бәйтерек аудандық білімі беру бөлімінің «Жас туристер станциясы» КММ-нің спорттық бағдарлау бөлімінің меңгерушісі;
2019-2021 ж.ж. БҚО Шаңғы жарысы қоғамдық бірлестігінің Президенті;
2021 жылдан бастап БҚО Шаңғы жарысы қоғамдық бірлестігінің бірінші вице- Президенті;
2021-2023 ж.ж. БҚО Бәйтерек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шаңғы жарысы спортынан жаттықтырушы;
2023 жылдың 05 қыркүйегінен бастап Бәйтерек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бәйтерек» спорт клубы» КММ директоры.