Осынау тақырыпта бүгін Дариян мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты концерт өтті.
Алдымен авто-мото-вело шеруде сап түзеген балалар мен ауыл жастарының шеруін аудан әкімі Марат Тоқжанов бастап асқақ рухты әнмен
көк туды желбіретіп, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Орталық алаңда азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындар күздік өнім саудасын қыздырды. Келушілер назарына кітапхана ұжымы мен дарынды балалардың шығармашылық көрмесі ұсынылды. Одан әрі мемлекеттік Гимнмен басталған салтанатты шарада аудан әкімі М.Тоқжанов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар алқалы аналар мен сала қызметкерлерін марапаттады.
Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін белсенді тұлғаларға аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Мерекелік салтанат аудан өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.