Құрметті отандастар, жерлестер!

Құрметті отандастар, жерлестер!
Құрметті отандастар, жерлестер!
Баршаңызды тарихи мәні зор, мерейлі мереке 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам соңғы кезде айрықша саяси мәнге ие болды. Былтыр болған Ата заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның нәтижесі халқымыздың бірлігін және елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалардың барынша қолдау тапқанын көрсетті.
Біз заң үстемдігі, әділдік және жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып, Жаңа Қазақстанды құру ісі басталды. Еліміздің, соның ішінде облысымыздың, ауданымыздың әрбір азаматының реформаларды іске асыруға белсене қатысып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосарына сенім мол.
Мемлекет басшысы атап өткендей, біз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін мызғымас құндылықтарға сүйене отырып, әділ мемлекет құрудамыз. Басты мақсат – халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру. Тәуелсіздік рухы әрбір жолында көрініс тапқан Конституциямызға құрмет халқымызға тән отаншылдықтың арқауына айналып отыр.
Барша жерлестеріме, денсаулық, бақ-береке тілеймін! Ел іргесі бүтін, келешегіміз кемел болсын!
Құрметпен, аудан әкімі М.Тоқжанов