Бәйтерек ауданындағы білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындығын зерделеу мақсатында жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы оқу ағарту министрлігі, Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Жумашев Қаныбек Бекболатұлымен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы келді. Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің Киров негізгі орта мектебі, Қ.Аманжолов атындағы мектептерін аралады. Оқу нысандарын аралау кезінде министрлік өкілі мектептің қазіргі ахуалына, ресурстарына және білім саласындағы НҚА талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді. Сонымен қатар мектеп ұстаздарымен кездесіп, жаңа оқу жылына енгізілген, және мектепте атқарылып жүрген жобаларымен, оқушылардың жетістітерімен танысты. Жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.