Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы! Жарасымды жанұя мен ізгілікті қасиеттерге толы әулет қашан да көпке үлгі болуы тиіс.
Шаңырақтың шырайын кіргізіп, отбасылық құндылықтарды дәріптеген өнегелі жанұялар бүгін «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауының облыстық марапаттау кезеңінде бас қосты.
Аудан бойынша облысқа 2 отбасы жолдама алған болатын. Олар Атамекен ауылынан- Досмұхамбетовтер отбасы, Янайкин ауылынан- Жанұзақовтар отбасы.
Адамгершілік құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған байқау бүгінгі күні нағыз халықтық қолдауға ие болған ұлттық жобаға айналды.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысушы отбасыларға алғыс білдіріп, сыйлықтар табыстады.