Ән сұңқары - Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Янайкин ауылында ән кеші өтті.

Ән сұңқары - Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Янайкин ауылында ән кеші өтті.
Ән сұңқары - Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Янайкин ауылында ән кеші өтті. Ұлтына әннен өлмес мұра қалдырған ән падишасына арналған әуенді кеште ауылдың қарапайым тұрғындары, ақсақалы, аяулы аналары, ұстазы мен дәрігері, өнерпаз өрендері Ән ағаның әсем әндерін шырқап, ауыл халқына әдемі кеш сыйлады. Ән кешіне арнайы қатысқан аудандық мәслихат депутаты Думан Шанов пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр қазақ вальсінің королі атанған тұлғаның мол мұрасы туралы баяндап, халқымызға амандық, баянды болашақ тіледі.
@baiterek_yanaikino_akimdigi
@mdo_baiterek
@duzbatyrnurzhan