Кеше Раздольный ауылдық клубының ұйымдастыруымен "Менің Бәйтерегім" аудандық фото-сурет көрмесі фестивалі өтті.
Туған жерге деген сүйіспеншілігі мен құрметін оның әсем табиғатын таспаға тарту және өзгелерге насихаттау арқылы танытатын жандар бас қосқан көрмеде ауданның тамаша табиғат көріністері ұсынылды. Фестиваль қатысушылары қатарында мемлекеттік қызметшілер, өнерпаздар, оқушылар мен студенттер және қарапайым тұрғындар да бар.
Ауданның өзен-көлі, қырат-жотасы, кен орындары, жайлауы мен даласы, алтын дәнді алқабы мен ну орманы, емдік қасиеті бар демалыс орындарының тамаша көрінісін таспалаған әуесқой фотографтар бұл бағытта ұзақ жылдар жұмыстанып, мол тәжірибе жинаған. Аудан музейлерінде әуезқой фотографтардың көрмесі тұрақты өткізіліп келеді. Енді олардың қатары осынау фестивалдер арқылы жаңа есімдермен толығатын болады.
@duzbatyrnurzhan @yerlan__galiev @razdolnoe_club @mdo_baiterek