Жаңа тағайындау!

Жаңа тағайындау!
Жаңа тағайындау!
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 тамыздағы №28 шешімі негізінде Төлеуов Әбубәкір Қамбарұлы Бәйтерек ауданының Достық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Әбубәкір Төлеуов 1980 жылдың 28 наурызында Тәжікстан Республикасы, Қорғантөбе облысының Вахш ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін "Заңгер" бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Әбубәкір Қамбарұлы 1996-2005 жылдары Өзбекстан Республикасы, Жизақ облысы, Гагарин қаласында Мирзачул тракторлық жөндеу зауытының іс жүргізушісі болып еңбек еткен.
2007-2008 ж.ж Зеленов ауданы, Дариян ауылы №2 сотының жетекші маманы;
2008-2011 ж.ж Зеленов ауданы, Дариян ауылы №2 сотының бас маманы, аға сот приставы;
2013-2019 ж.ж Бәйтерек ауданы, Достық ауылдық округі әкімінің орынбасары;
2020-2023 Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.