Достық ауылындағы сайлауда Абуовтар отбасысы ерекше келді. Бұл отбасының 3 буыны келіп дауыс берді. Әулеттің үлкен Бақтылы апамыз күміс алқа иесі, алтын құрсақты ана.
Оның балалары құрметті зейнеткерлер Жылқайдар ағамыз бен Маржан апамыз, ал олардың балалары Асланбек пен Әсем де көп балалы отбасы. Шаңырақта 6 бала тәрбиелеп отыр. Олардың үлкені Нұртілек жақында отау көтеріп, Фариза есімді жарымен жас отбасы қатарын толықтырды.
Үлкен әулет мүшелерінің айтуынша әр сайлау еліміз үшін маңызды. Сондықтан басқаларға үлгі болып, осылай отбасымызбен ауылымыздың жарқын болашағы үшін дауыс бердік - дейді үлкен апамыз.