Бүгін Бәйтерек ауданы, Достық ауылында округ әкімінің сайлауы өтуде.
Алғашқылардың бірі болып, тыл еңбеккерлері Хафизовтар отбасысы дауыс берсе, ауылдың көп балалы аналары мен ақ жаулықты әжелері Рысты, Айғаным, Гүлзайда апайлар бірігіп келіп, өз таңдауларын жасауда.
Ал Меркулова Құралай алғашқы рет сайлауға қатысып, өзінің азаматтық борышын орындап, сыйлыққа ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Достық ауылдық округінің сайлауына 3 кандидат қатысып, 3 сайлау учаскесінде дауыс беру жүргізілуде.