Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары Сіздерді тағы да алаяқтардан сақтануға шақырамыз.
Алаяқтар ақшаны алу үшін барлық тәсілдерді қолданады.
Олар өздерін банк өкілдері ретінде таныстырып, ұялы телефон арқылы түрлі қосымшаларды көшіртіп, тіпті банк құжатының көшірмесін жібереді.
Алайда, банк өкілдері ұялы телефонмен 1-2 сағат көлемінде әңгіме құрып, ақшаны қайтару қызметімен айналыспайды.
Таныс емес тұлға хабарласып туысыңыздың қиын жағдайға түскені туралы, несиелеу, қаржы мәселесімен хабарласса асығыс шешім қабылдамаңыз.
09.08.2023 жылы бір азаматшадан алаяқтар 1 сағаттың ішінде депозиттегі 2,2 млн. және несие рәсімдеу арқылы 1,9 млн. теңгесін иемденіп алды.
Жеті рет өлшеп асықпай шешім қабылдаңыз.