Аудан әкімі Асылбек Ишановты 60 жас мерейтойымен құттықтап, аудан мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
- Алпысты да алқымдап жатсыз. Қуанышыңыз ұзағынан болсын. Мәдениет саласында абыройлы қызмет атқарып, өзіңіздің ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеттеріңізді кеңінен көрсетіп, көптеген жаңашыл істердің ұйытқысы болдыңыз. Ең бастысы деніңіз сау болсын! Сізге қажымас қайрат, отбасыңызға бақ-береке тілеймін, ұл-қыздарыңыздың қызығын көруге жазсын. Абыройлы болыңыз, - деген аудан әкімі мерейтой иесінің иығына шапан жапты.
Аудан басшысының тілегіне аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Хайруллин, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәлік Утешев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин де қосылып, жылы лебіздерімен бөлісті.