
2020 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республика сындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңы 15-бабының 1-тармағына сәйкес аудан әкімі Марат Тоқжановтың 2020 жылғы 24 сәуірдегі №75-Ө өкімімен Мұқанбетжанов Жақсылық Биғазыұлы Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға аудан әкімі Марат Тоқжанов таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Ж.Мұқанбетжанов 1987 жылы дүниеге келген.
Білімі екі жоғары.
2008 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін балық шаруашылығы, 2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010-2012 жылдары "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ БҚО филиалы Переметный агенттігінде маман, маман-менеджері болып бастаған.
2012-2013 ж.ж. Переметный ауылдық округі әкімі аппаратының статисі;
2013-2017 аудан әкімі аппараты ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет мониторингі және бақылау жұмысы бөлімінің бас маман, бас инспекторы;
2017-2018 ж.ж. аудан әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы шаруашылығы бөлімінің азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі бас инспекторы;
2018-2019 ж.ж. Зеленов аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
19.02.2019 ж - 29.07.2019 ж Бәйтерек ауданы экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары;
30.07.2019ж - 21.11.2019ж Бәйтерек ауданы әкімінің кеңесшісі;
21.11.2019 ж Бәйтерек ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы.
24.04.2020 ж аудан әкімі аппаратының басшысы.