Әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру

Әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру

БҚО аумағында төтенше жағдай мен карантиннің енгізілуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі «Әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы» № 296 Жарлығына және БҚО Әкімдігінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі «Әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы»  № 77 қаулысына сәйкес 24 сәуір күні арнайы жиындарға шақырылғандардың, әскери міндеттілердін сапқа тұрғызу өткізілді.

Бәйтерек ауданы бойынша барлық 9 әскери міндеттілер шақырылды. Олардың барлығы еріктілер. Әскери міндеттілер дәрігерлік куәландырудан өтті, соттылығының болуы мен болмауына тексеру жүргізілді, сонымен қатар адамгершілік және іскерлік қасиеттер зерттелді. Олардың барлығы әскери формамен және жеке қорғаныс құралдармен қамтамасыз етілген. Олар соңғы үш айдағы орташа жалақы негізінде жалақы алады. Шақыруға дейін жұмыссыздар ең төменгі жалақы алады.

Шақырылушылар полициямен бірге бақылау-өткізу пункттерінде қызмет етеді.