Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Сіздерді төл мерекелеріңіз – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Қазіргі заманды ақпаратсыз елестету өте қиын, сондықтан да біз телеарналар мен радио, мерзімді баспасөз қызметкерлерін, жалпы алғанда, біздің әлемімізді ақпаратпен байытып отырған барлық БАҚ өкілдерін құрмет тұтамыз. Нақты адами ұстаным, болып жатқан оқиғаға бей-жай қарамай, ақиқатқа ұмтылу – Сіздердің мамандықтарыңыздың ерекше қыры.
Сіздерге тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін.
Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға табыс, еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Әр бастамаларыңыз сәттілікпен шынайы өмір айнасына айнала берсін!
Мерейлі мереке құтты болсын!
Құрметпен, аудан әкімі М.Тоқжанов