Құрметті жерлестер! Қадірлі жамағат! ​Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті де ұлық мереке - Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!

Құрметті жерлестер! Қадірлі жамағат! ​Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті де ұлық мереке - Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!
Құрметті жерлестер! Қадірлі жамағат!
​Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті де ұлық мереке - Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!
​Құрбан айт - ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам. Айт күні адамдар құрбан шалумен ғана емес, сауапты, ізгі, қайырлы амалдарымен Жаратушының рақымына жақындай түседі.
Қадірлі ағайын!
​Баршаңыздың ниет етіп шалған құрбандықтарыңыз, құлшылық еткен дұғаларыңыз бен тілектеріңіз қабыл болсын! Құрбан айт әрбір отбасына амандық, денімізге саулық, елімізге бірлік пен ынтымақ әкелсін.
Құрбан айт құтты болсын!
​Құрметпен,
​Бәйтерек ауданының әкімі
Марат Тоқжанов