МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН ПОЛИЦИЯҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қос мереке аясында аудандық Мәдениет үйінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, сала үздіктері марапатталды. Айту керек, бұл күні өз ісінің нағыз майталмандарына құрмет халық атынан көрсеткен кәсіпкерлер де марапаттаушылар қатарынан табылды. Салтанатты рәсім сахна төріне мемлекеттік Тудың көтеріліп, Әнұранның әуелеуімен басталды.
Құттықтау сөзінде аудан әкімі Марат Тоқжанов қос саланың маңызына тоқталып, атаулы күн иелеріне адал еңбекпен абырой биігінен табылыңдар деген тілегін жеткізді.
Шараның тағы бір ерекшелігі бұл күні мемлекеттік аппарат пен бизнес арасындағы байланысты нығайтып, бизнес өкілдері арқылы халыққа қызмет қылатын мамандардың шын бағасын айқындау мақсатында кәсіби мереке иелерін аудан кәсіпкерлері де құттықтап, Алғыс хаттарын ұсынды.
Салтанатты шара концерттік бағдарламамен түйінделді. Сахна төрінен төгілген патриоттық әндер көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.