Бүгін ауданымызда «Алтын белгі» белгісін табыстау шарасы өтті.
Биылғы 2022-2023 оқу жылында ауданымыздың білім беру мекемелері бойынша мектеп бітірушілер арасынан 28 түлек «Алтын белгі» белгісінің иесі болды. Ал 22 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестатты алса, негізгі орта білім туралы үздік аттестатты 77 оқушы иеленді.
Бүгін «Алтын белгі» белгісін табыстау салтанатты шарасы аудандық мәдениет үйінде «Ақ жол, саған, жас түлек!» атты мерекелік кешпен жалғасын тапты. Оған аудан әкімі Марат Тоқжанов, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Галиев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин және ұстаздар, ата-аналар мен мектеп түлектері қатысты.
Шарада аудан әкімі Марат Тоқжанов «Алтын белгі» белгісі иегерлеріне төсбелгі тағып, жетістікке жетуіне үлес қосқан ата-аналарды алғыс хатымен марапаттады.