Құрметті мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлері!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлері!
Құрметті мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлері!
Сіздерді қатар келген кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Осынау қос саланың қайсын алып қарасақта мемлекет тұрақтылығын нығайтып, ел экономикасын дамытуда, әлеумет әлеуетін арттырып, Мемлекет басшысының міндеттемелерін іске асыруда аса маңызы зор.
Бүгінгі таңда қос мамандық иелеріне артылар жауапкершілік жүгі жоғары, атқаруы тиіс жұмыс көлемі ауқымды. Мемлекеттік қызметші не полиция қызметкері болсын екеуінің де алға қойған мақсаты бір. Ол байтақ Отаны мен туған халқына адал қызмет ету. Сол себепті, мемлекетіміздің беделі мен қорғаны болып табылатын қос бірдей мәртебелі қызмет иелеріне деген халық сенімі мен құрметі қашанда жоғары. Осы орайда, ауданымыздағы мемлекеттік саясат пен байыпты бағдарламаларды іске асырып, халық пен билік арасына алтын көпір болуда және құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кейінгі буынға сара жол салып берген сала ардагерлері аға – апаларымызға және киелі де қастерлі жолда жүрген барша әріптестеріме аса зор алғысымды білдіремін.
Баршаңызға абыройлы қызмет және зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел тыныштығын тілеймін!
Жаңа Қазақстан құру жолындағы адал еңбектеріңіз жемісті де табысты болғай!
Құрметпен, аудан әкімі Марат Тоқжанов