
Бүгін Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында интеллектуалды ойын өткізілді.

Шара басында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Е.Галиев мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтай отыра, оларға ауданымыздың гүлденуі үшін жасап жатырған еңбектерінің орасан зор екендігін атап өтіп, өз алғысын білдірді.

Аталмыш шараға Бәйтерек ауданының әкімі аппараты, бөлім, мекеме және ауылдық
округтердің мамандарынан құралған 4 команда қатысты. Олар: "Бата" командасы, "Белес" командасы, "Бәйтерек" командасы, “Қазақстан” командасы. Ойынның шарты бойынша сайысқа қатысушылар 5 кезең бойынша сынға түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі

орынға "Бата" командасы

орынға "Белес" командасы

орынды "Бәйтерек" командасы иеленіп, “Қазақстан” командасы белсене қатысқаны үшін арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.