Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

2020 жылғы 22 сәуірде «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес, аудан әкімі Марат Тоқжановтың 2020 жылғы 22 сәуірдегі №71 өкімімен Ринат Маратұлы Искендиров Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Аудан әкімі Марат Тоқжанов округ активіне жаңа әкімді таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Искендиров Ринат Маратұлы 1987 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары.

2009 жылы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін Ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

2010 жылы «КазНИВИ» ЖШС «Ғылыми-зерттеу ветеринарлық станциясы» БҚО филиалының кіші ғылыми қызметкері;

2011-2012 ж.ж. «Батыс ЗОО ВетСервис» ЖШС ветеринарлық дәрігер;

2012 ж. «Зеленов аудандық ветеринарлық станциясы» МКК Щапов ауылдық округінің ветеринарлық дәрігері;

2012-2016 ж.ж. «Зеленов аудандық ветеринарлық станциясы» МКК бас ветеринарлық маманы;

2016 ж. «Зеленов аудандық ветеринарлық станциясы» МКК директорының орынбасары;

2016-2017 ж.ж. «Зеленов аудандық ветеринарлық станциясы» МКК директорының міндетін атқарушы;

2017-2019 ж.ж. «Зеленов аудандық ветеринарлық станциясы» МКК директоры;

22.04.2020 ж. Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.