Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Азаматтардың рухани дүниесі мен денінің саулығы – мемлекеттің басымдық беріп отырған маңызды міндеттерінің бірі. Қай қоғамда болмасын, адамзат үшін ең қадірлі мамандық иесі – дәрігер. Өйткені, денсаулықтан артық бұл дүниеде байлық жоқ.
Бұл міндетті тек медицина мамандары ғана табысты іске асыра алады. Ұлт денсаулығын нығайтып, салауаттылықты дәріптеуде атқарған орасан зор еңбектеріңіз құрметке лайық.
Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Сіздердің толассыз еңбектеріңіздің өлшемінде өмір қуанышымен қайта қауышқан талай адамның тағдыры тұр. Тұрғындар денсаулығын қорғаудағы қажырлы істеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Елдің алғысына бөлене беріңіздер.
Мереке құтты болсын!