Бүгін Дариян ауылының мәдениет үйінде аудан әкімі М.Тоқжановтың тұрғындарды қабылдауы өтті.
Қабылдауға Горбунов ауылының тұрғындары келіп, ауыл маңында іске қосылатын мұнай газ бұрғылау скважинасынан келетін зиян мәселесін көтерді. Кездесуге арнайы аудандық мәслихат төрағасы, Н.Хайруллин, аудан прокуроры А. Меңлібаев, Полиция бөлімінің бастығы Т.Маратов, экология департаментінің басшы орынбасраның м.а. А.Жұмағазиев және «Позитив инвест» компаниясының президенті Д.Бастаубаев қатысты.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарына жасалатын жөндеу жұмыстар толық түсіндірілді. Тұрғындар алаңдаушылық білдірген мәселеге байланысты мұнай өндіруші компанияның әлеуметтік жауапкершілігі сөз болды. Сондай-ақ аудан әкімі кездесу барысында басты мақсат - тұрғындардың денсаулығы екенін атап өтті. Егер экологтар тарапынан зиянды заттар бөлініп жатқаны анықталса, жұмыстар дереу тоқтатылатыны жеткізілді.