«Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы»

«Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы»
«Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы» 🇰🇿
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Бәйтерек ауданы орталығында ұйымдастырылған салтанатты шара шерумен басталды.
Қолына ту мен жалаушалар ұстаған аудан орталығындағы барлық мекеме, кәсіпорын, қоғамдық ұйым ұжымдары, мектеп түлектері және спортшылар көңілді әуен аясында орталық көше бойымен жүріп өтті. 500-ге жуық адам қатысқан шеру кейін орталық алаңға бас тіреді. Кейін салтанатты шара «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы» атты мерекелік концертке ұласты.
– Құрметті жерлестер! Баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн қазақстандықтар үшін басты мерекелердің бірі. Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекет дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан да қолымызға ұстаған туымыз тек биікте желбіреп, еліміз өркендей берсін! Дендеріңіз сау болсын, - деді аудан әкімі Марат Тоқжанов.
Шарада аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының әуелете шырқаған патриоттық әндері көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.