Қадірлі жерлестер! Баршаңызды ел тарихындағы айтулы мерекелердің бірі – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қадірлі жерлестер! Баршаңызды ел тарихындағы айтулы мерекелердің бірі – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қадірлі жерлестер!
🇰🇿Баршаңызды ел тарихындағы айтулы мерекелердің бірі – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың биік рухын, ұлттың салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін бейнелейтін, дархан даламыздың өткені мен бүгінін және келешегі арасындағы сабақтастықты бір арнаға сыйдыратын айрықша құндылықтар.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі», – деп айтқанындай, аспан түстес Көк Байрағымыз асқақтап, тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз жарқырап, Гимніміз шарықтап, Тәуелсіздігіміз нығая берсін! Біздің тағылымды тарихымыздан сыр шертер мазмұны терең нышандарымыз кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Түптеп келгенде рәміздердегі нышандар арқылы ұлтымыздың әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Сондықтан, әрбір Қазақстан азаматы үшін мемлекеттік рәміздер – қастерлі!
Ардақты ағайын!
Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!