Кеше 1-мамыр Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Бейбітшілік ауылында жергілікті меценат, ауданның құрметті азаматы Бейбіт Асановтың демеушілігімен салынған балалар ойын алаңының тұсауы кесілді

Кеше 1-мамыр Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Бейбітшілік ауылында жергілікті меценат, ауданның құрметті азаматы Бейбіт Асановтың демеушілігімен салынған балалар ойын алаңының тұсауы кесілді

Кеше 1-мамыр Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Бейбітшілік ауылында жергілікті меценат, ауданның құрметті азаматы Бейбіт Асановтың демеушілігімен салынған балалар ойын алаңының тұсауы кесілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі М.Тоқжанов, мәслихат депутаттары, ауыл ардагерлері қатысты. Бұл Бейбіт Батниязұлының алғашқы тартуы емес, бұған дейін құны 100 млн теңгені құрайтын спорт кешенін салып берсе, қазіргі күні ауыл әкімдігіне жаңа ғимарат салуда. Шара барысында сөз алған аудан әкімі Бейбіт Батниязұлына және ойын алаңын жасақтауға көмектескен жігіттерге алғыс хатын табыстады, ал меценат өз кезегінде жігіттерге қаржылай сыйақысын берді. Осылайша ауыл балалары үшін атаулы мерекеде үлкен қуаныш сыйланды. Мерекелік ойындар мен тәттілер де балапандар үшін тегін таратылды.