Айгүл Жасұланқызы 1984 жылы туған.
Білімі – жоғары, 2007 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Заңгер» мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы БҚО бойынша жылжымайтын мүлік орталығы РМК Казталов ауданының №2 филиалында техникалық қызмет көрсету жөніндегі маман болып бастаған. 2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында маман қызметіне орналасып, күні бүгінге дейін филиалда фронт-офистерді үйлестіру бөлімінің сарапшысы қызметін атқарды.
Айгүл Жасұланқызына сәттілік тілейміз.