Кезекті оқу жылын аяқтаған ер бала оқушылармен кездесу өтті.
Аталмыш кездесуге аудан әкімі М.Тоқжановтан бастап, аудан прокуроры, полиция бөлімінің басшысы, медицина өкілдері, құтқару қызметі, білім бөлімінің басшысы және "Әкелер одағы" ҚБ облыстық филиалының төрағасы М.Дюсембеев қатысты.
Кездесу барысында жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздік шаралары, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары, электронды темекілердің зияны, суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шаралары жиналған жастарға түсіндірілді.