
Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні аудан әкімінің орынбасары Е.Галиевтің төрағалығымен Бәйтерек ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды: 1) Мектеп оқушылардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы туралы 2) Суға шомылу маусымы кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғаларды алдын алу туралы. Аталған шараға комиссия мүшелері, Переметный, Камен, Қ,Аманжолов ат. мектеп директорлары, ата-аналар комитетінің, аудандық төтенше жағдай бөлімі, БАҚ өкілдері қатысты. Отырыс барысында комиссия мүшелеріне балалардың жазғы бос уақытын ұйымдастыру, жоғары сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу, жазғы демалысты қауіпсіз өткізу бойынша кездесулер өткізу, бала еңбегін қанауға жол бермеу мақсатында рейдтер өткізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.