Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байменов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, қоғамдық кеңес төрағасы, ауыл әкімдері қатысты.
Сессияны аудандық мәслихат хатшысы Нұрлыбек Хайруллин жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. Бәйтерек ауданы мәслихатының кезекті үшінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
2. «Рухани жаңғыру» ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы.
3. Мичурин ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі.
4. Трекин ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы.
5. «Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
6. Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 наурыздағы №22-1 «Зеленов ауданы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  Күн тәртібінде көтерілген мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.