Бүгін Мемлекеттiк басқару академиясының БҚО бойынша филиалы директоры Абжаков Әсет Талғатбекұлы Академияның магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылар контингентін қалыптастыру мақсатында ауданымыздың мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.
Кездесу барысында академия филиалының директоры Асет Абжаков 2023 жылға арналған академияның оқуға қабылдау ережелерін, магистратура мен докторонтура бағдарламаларына қойылатын негізгі талаптар, конкурстық іріктеу кезеңдері, қабылдаудың алгоритімі, жатақхана мәселесі және академияға оқуға түсудің артықшылықтары жөнінде толық ақпарат беріп өтті. Мемлекеттік қызметшілер өз сұрақтарына тиісті жауаптарын алды. Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір мен 29 маусым аралығында өтетінін мәлімдеді.