Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
«Мәдениет - ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші - зиялы қауым. Себебі, әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс — тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Ауданның өнерін өркендетіп, таланттарға қолдау білдіру әлі де жалғасын табады.
Құрметті мәдениет, өнер саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Аудан мәдениеті мен өнерін өрістету жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін. Халықтың риясыз құрметіне бөлене беріңіздер. Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын!