Қазақстанда Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылады

Қазақстанда Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылады
Қазақстанда Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылады
«Қаржы даму институттары және орнықты инфрақұрылым: операциялық модельдер мен әдістер» конференциясы (ADFIAP-тың 46-шы жылдық жиналысы) шеңберінде Инвестиция комитеті, Еуразиялық даму банкі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арасында Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны іске қосу туралы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Келісімді ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев, Еуразиялық даму банкі төрағасының орынбасары Руслан Дәленов және «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы орынбасарының м.а. Сармат Өтігалиев бекітті.
«Boston Consulting Group» болжамына сәйкес, Орталық Азия өңірінің тікелей шетелдік инвестицияларды (ТШИ) тарту бойынша әлеуеті алдағы 10 жыл ішінде 170 млрд АҚШ доллары көлемінде бағаланады, оның ішінде шамамен 100 млрд АҚШ доллары Қазақстанға тиесілі. Қазіргі кезде Қазақстан өңірдегі инвестициялық магнит болып табылады. Әлемдік экономикалық жағдайдың геосаяси сын-тегеуріндері мен турбуленттілігін ескере отырып, бірыңғай отандық инвестициялық платформаны іске қосу аса өзекті болмақ.
Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның құрылымына ҚР СІМ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, отандық даму институттары мен қорлары, квазимемлекеттік сектор компаниялары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тартылатын болады.
«Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа инвестор-компанияларды тартудың (онбордингтің) өзіндік «жол картасы» болмақ. Платформа базасында жобалар мен инвесторлар үшін консультациялық және ақпараттық қызметтерді интеграциялау бөлігінде «бір терезе» қағидаты іске асырылады. Тұтас ақпараттық панельдер (бақылау тақталары) елдегі инвестициялық қызметті бақылаудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді және инвестициялық процеске қатысушылардың сапалы өзара іс-қимылын арттырады. Цифрландыру есебінен инвестициялық жобаларды іске асыру уақыты айтарлықтай қысқарады. Содан кейін жобаларды іске асыру кезінде туындайтын инвесторлардың өзекті мәселелері ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өтетін Инвестициялық штаб отырыстарына шығарылатын болады», – деп атап өтті А. Зебешев.