Бәйтерек ауданы бойынша ағымдағы жылдың мамыр айының 15-26 аралығында қайтарымсыз мемлекеттік гранттың (400 АЕК көлемінде) II-легі бойынша өтінім беру басталады

Бәйтерек ауданы бойынша ағымдағы жылдың мамыр айының 15-26 аралығында қайтарымсыз мемлекеттік гранттың (400 АЕК көлемінде) II-легі бойынша өтінім беру басталады
Бәйтерек ауданы бойынша ағымдағы жылдың мамыр айының 15-26 аралығында қайтарымсыз мемлекеттік гранттың (400 АЕК көлемінде) II-легі бойынша өтінім беру басталады.Өтінімдерді қабылдау business.enbek.kz порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.
Гранттар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі, оларға атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) жатады.
Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.