Жаз мезгілі болуымен көшелерімізде екі аяқты көліктер саны артады. Саны артып қана қоймай, олардың қатысуымен орын алатын жол апаттары да көбеюде. Мысал үшін Щапов ауылында осындай жол-көлік оқиғасының кесірінен екі бала жарақат алды, Біреуі тіпті ауыр халде.
Сондықтан балаларыңызды осындай көліктерге отырғызбас бұрын, сақтық шаралары мен жол көлік ережелерін түсіндіргеніңіз абзал. Жылдамдық пен жол ережесін сақтамау қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін.
Балаларыңыздың және аудан тұрғындарының өмірі үшін жауапкершілік қарауларыңызды сұраймыз.
Арты ауыр зардапқа алып келетін әрекеттен сақ болайық!