Бәйтерек ауданы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесулері басталды.

Бәйтерек ауданы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесулері басталды.
Бәйтерек ауданы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесулері басталды. Январцев, Рубежин, Дариян, Трекин округтерінде өткен кездесулерде аталған округ әкімдері жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстарын қорытындылап, жыл жоспарының орындалуы туралы есеп берді. Аудан әкімі Марат Тоқжанов құрылысы басталған нысандар, инвестициялық жобалар, ауыл шаруашылығын дамыту, жыл басындағы кездесулерде халық көтерген мәселелердің шешілуі туралы баяндады.
Жайық ауылындағы мектеп құрылысының барысын бақылаған аудан әкімі мердігер компания өкілдеріне бірқатар талаптар қойды. Компания негізсіз себептермен бекітілген кестеден кешігуде. Оған жұмыс күшін дұрыс бөлмеудің салдары кедергі келтіруде. Қолайлы ауа-райын пайдаланып құрылыс қарқынын арттыруды ескерткен аудан әкімі ауылдың белсенді тұрғындарын құрылыс барысын тұрақты бақылауға шақырды