Бүгін аудан әкімдігінің “Шаңырақ” залында БҚО бойынша Экология департаменті және БҚО бойынша Табиғи ресурстар басқармасының мамандары ірі өнеркәсіптік өндірістерінің экологиялық проблемаларын түсіндіру және талқылау мақсатында аудан тұрғындарымен, кәсіпкерлік (шаруа қожалықтары, ЖШС және т.б.), қоғамдық кеңес өкілдерімен және табиғат пайдаланушылармен кездесу өткізді.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов жүргізді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Мұрат Ермеккалиев Бәйтерек ауданы бойынша қоршаған орта саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар және экологиялық мәселелері жөнінде баяндама жасап, жиынға қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.