Белес ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тайбасар Уразалиев өмірден озды

Белес ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тайбасар Уразалиев өмірден озды
Белес ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тайбасар Уразалиев өмірден озды
Тайбасар Уразалиев 1950 жылы 13 шілдеде Бәйтерек ауданы, Қаражар ауылында дүниеге келген. 1976 жылы алғашқы еңбек жолын Орал облысының учаскелік инспекторы болып бастады. 1997 жылы полиция майоры шенімен зейнеткерлікке шықты. Зейнеткерлікке шыққанан кейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ауыл әкімдігі жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды.
Тайбасар Дүйсенайұлының орны толмас қазасына орай туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Бәйтерек ауданының әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесінің мүшелері