Қымбатты жерлестер! Баршаңызды 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қымбатты жерлестер! Баршаңызды 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отбасы – адам баласының өсіп-жетілетін, қаз тұрып, қанат қағар алтын ұясы, тәлім-тәрбие алатын құтты ошағы. Сондықтан да жанұяның әрбір мүшесінің қоғамда өз орны бар.
Отбасы – еліміздің мызғымас тұрақтылығының, ауызбіршілігі мен болашағының қайнар көзі. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізі осы отбасында қалыптасады. Бұл талайды қанаттандырып, талай адамға алтын бесік болған киелі шаңырақ. Осынау әлеуметтік маңызға ие мереке күні барлық шаңыраққа құт-береке, мол ырыс, мамыражай тыныштық тілеймін! Әрдайым отбасымыз аман, бауырымыз бүтін, болашағымыз жарқын болсын.
Халықаралық Отбасы күні құтты болсын!
Құрметпен, аудан әкімі М.Тоқжанов