Жеңіс күніне орай Переметныйдағы орталық алаң маңында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жеңіс күніне орай Переметныйдағы орталық алаң маңында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жеңіс күніне орай Переметныйдағы орталық алаң маңында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған жергілікті шаруашылықтармен бірген оралдық тауарөндірушілер, кәсіпкерелер де келді.
Жәрменкеде азық-түлік өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылды. Мәселен, «Рубежин» АӨК, «Жұма», «Сағынғалиев», «Рахымжан», «Елена», «Александр», «Сергеев», «Умаров», «Радионов», «Баракат» шаруа қожалықтарының картоп, қызанақ, қияр, пияз, орамжапырақ т.б. көкөніс пен бақша өнімдеріне деген сұраныстың жоғары болуы бұған дәлел болса керек. Сонымен қатар, қой және жылқы еттері, кәуап, шұжық, күбағыс май, жұмыртқа өнімдері де сауда-саттыққа шығарылды. Түрлі жеміс ағаштарының, гүлдер мен құлпынайдың көшеттері де сауда сөрелерінде тұрды.
Рубежка ауылынан арнайы келген «Рубежин» АӨК ұсынған тауарлардың бағалары айтарлықтай төмен деуге болады. Себебі, көптеген көкөніс пен бақша өнімдерін өздері егеді және былтыр іске қосылған көкөніс сақтау қоймасында сақтайды. Аталмыш кооператив менеджері Вера Рубцованың айтуынша, олар бұл жолы картоп, сәбіз, пияз, қызанақ, қияр, алма сынды өнімдерді әкелген, оларды 20-40, тіпті 50 пайыздай жеңілдікпен сатқан. «Жеңіс күніне орай ардагерлер мен зейнеткерлерге картопты тегін бердік,-дейді ол.-Бізге келген әрбір ардагер мен зейнеткерге бір келі картопты ұсынып, оларға «соғыс кезіндегідей картопты отқа пісіріп жеп қараңыз» деп ұсыныс, тілегімізді айттық. Саттыққа алып келген 1 тонна картоптың жартысына жуығын Жеңіс күнінің құрметіне тегін бердік. Бұл істі біз дәстүрлі түрде жүргізіп келеміз. Жеңіс күні құтты болсын!»